Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында екі ер адам көршісінің үйін тонап кетті

Түркістан облысында екі ер адам көршісінің үйін тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, тұрғын үйіне белгісіз біреулер түнгі уақытта ұрлыққа түскенін хабарлайды. Жәбірленушінің айтуынша, оның үйіне белгісіз біреулер кіріп, қабырғадағы ілулі тұрған теледидар мен ас үйдегі ыдыс аяқтарын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Шығын көлемі – 400 мың теңге. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Үйге ұрлыққа түскен ұрыларды ұстау мақсатында аудандық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алды. Тыңғылықты жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлер күдіктілердің жеке басын анықтап, тұрғын үйлерінен ұстады.

Олар бір-біріне көрші болып келетін жергілікті тұрғын, яғни екі ер азамат болып шықты. Анықталғандай, күдіктілер көршілерінің үйінде жоқтығын пайдаланып, оңай жолмен ақша таппақ болған. Осылайша күдіктілер алдын ала жоспарланған түрде үй ішіндегі тұрмыстық техникаларды жымқырып кеткен.

Мұнымен қоймай күдіктілер ұрланған теледидарды ломбардтардың біріне арзан бағаға сатып жіберген. Бүгінде күдіктілерден айғақты ретінде ұрланған заттар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру