Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балалар үйде болған: ақмолалықтың үйіне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Ақмолалықтың үйіне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 наурызда сағат 12-де Бурабай АПБ арнайы желісіне жергілікті тұрғынның телефон қоңырауы түсті. Әйел ол болмаған кезде өзіне тиесілі жеке үйге белгісіз біреу кіріп, ұрлық жасағанын айтты. Өтініш беруші полицияға осы уақытта үйде екі кәмелетке толмаған бала болғанын хабарлады.

Қаскүнем үйден Ресей Федерациясының 25 мың рублін, сондай-ақ зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткені белгілі болды. Залалдың жалпы сомасы 170 мың теңгені құрады.

Кейінірек балалардың өздері айтқандай, қылмыскер алдымен терезені қағып, жауап алмай, әйнекті сындырып, ішке кірді. Балалар осы уақытта не болып жатқанын қорқып, жуыну бөлмесіне қамалды.

“Боран-2” автопарулы экипажының жедел іс-қимылдарының арқасында құрамында Олжабай Нұрбек пен Мұхарбек Сұлтанов бар қаскүнем маршруттық автокөліктен шыққан кезде ұсталды.

Щучинск қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру