Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ер адам 8 дүкенге ұрлыққа түскен

Түркістан облысында ер адам сегіз дүкенге ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Оның айтуынша, өзінің дүкеніне белгісіз біреу ұрлыққа түсіп, ұялы телефон мен бірнеше қол сағатты жымқырып кеткен. Сонымен қатар, кассадан ақша ұрлаған. Осылайша жәбірленуші азаматқа 20 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Хабарды алысымен полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, ұрлық жайтын ашуға бірден кірісті.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында Ордабасы ауданы ПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәлардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Дүкен ішіндегі бейнебақылау камералары мұқият тексерілді. Осылайша тәртіп сақшылары жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, оны тәулік ішінде ұстады. Анықталған күдікті ер азамат жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Белгілі болғандай, түнгі уақытта күдікті дүкеннің сыртқы есігін бұзып, ішіне кірген. Содан соң кассада болған ақша мен керекті заттарын алып, кірген ізімен кері шығып, оқиға орнынан бой тасалаған. Тәртіп сақшылары күдіктіден қолды болған заттардың барлығын айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне табыстады.

Бұдан бөлек, күдікті ер адамның жеті дүкен ұрлығына қатыстылығы анықталды. Онда да түрлі бағалы бұйымдар мен ақша ұрлап, жалпы 500 мың теңге шығын келтірген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру