Түркістан облысында ер адам ағасының шөбін қасақана өртеп жіберді
Түркістан облысында ер адам ағасының шөбін қасақана өртеп жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер азаматтың айтуынша, күндізгі сағат 14:30 шамасында үй ауласында жинаулы тұрған шөбі өртеніп кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 200 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Ауданның полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні анықтап, ПБ-ға жеткізді. Тергеу барысында күдікке ілінген ер адам жәбірленушінің інісі болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Белгілі болғандай, ағайынды өзара шөпті бөлісе алмаған. Содан арада жанжал туып, күдікті соның салдарынан шөпті өртеп жіберген.