Түркістан облысында ер адам көлік ұрлады деген күдікке ілінді
Түркістан облысында ер адам көлік ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түлкібас аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны құны 350 мың теңге болатын ВАЗ автокөлігінің ұрланғаны бойынша арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, танысы таңғы сағат 05:30 шамасында оның көлігін заңсыз айдап кетіп, белгісіз бағытқа жасырынған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түлкібас ауданының учаскелік полиция инспекторлары автокөлікті ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған, жергілікті тұрғынды анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті сол сәтте мас болған. Содан жеке тасымалдаумен айналысатын танысының көлігін күшпен тартып алып, қашып кеткен.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.