Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ер адамның үйінен марихуана мен гашиш табылды

Түркістан облысында ер адамның үйінен марихуана мен гашиш табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның есірткіні сақтайтыны туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктінінің тұрғылықты мекенжайын анықтады. Тінту кезінде жедел уәкілдер күдікті ер адамның ауласында орналасқан сарай ішінен құрамында өсімдік тектес есірткісі бар үш газет орамасын тауып алып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген екі газет орамасындағы есірткінің жалпы салмағы 42 грамнан асатын «марихуана» болса, үшіншісі 1 грамнан астам «гашиш» болып шықты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер істің барлық мән-жайын және ер адамның есірткіні не себеппен сақтап жүргенін анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру