Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Ақтөбеде жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қаңтарда белгісіз маркалы автокөлік жүргізушісі Заречныйдағы Центральная көшесінде Б. Момышұлы даңғылы жағынан реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермей, қағып кеткен. Жол апатынан кейін жүргізуші белгісіз бағытқа қашып кеткен.

ЖКО салдарынан 44 жастағы жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ іздестіру тобының қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған 27 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Жүргізуші өз кінәсін толық мойындады, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру