Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ағасының көлігін ұрлап кеткен жиен елордадан табылды

Павлодар облысында ағасының көлігін ұрлап кеткен жиен елордадан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қаңтарда Солнечный кентінің 65 жастағы тұрғыны өз гаражын ашып, ондағы көлігін таппаған. Зейнеткер бірден полицияға жүгінді. Жедел уәкілдерге жоғалған көлікті табу үшін бірнеше сағат ғана қажет болды. Жоғалған автокөлікті қызметкерлер Нұр-Сұлтан қаласынан тапты. Ал ВАЗ-21099 көлігін айдап кеткен ер адам жәбірленушінің 31 жастағы жиені болып шықты. Ол елордаға баруға шешім қабылдағанын мойындады.

Енді жиен осындай қылығы үшін заңға сәйкес қатаң жауап беруге мәжбүр болады, өйткені ол бұрын біреудің мүлкін бірнеше рет ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Көлік тәркіленді.

Қазіргі таңда полиция Қазақстан Республикасы ҚК 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, айдап кету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру