Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында есептегі сотталған жұмысқа орналасты

Түркістан облысында есептегі сотталған жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметiнде есепте тұрған азаматтарға жергiлiктi органдармен бiрлескен жоспарға сәйкес, жүйелi түрде әлеуметтiк-құқықтық көмектер көрсетiлiп отырады. Әлеуметтiк-құқықтық көмектiң бipi – сотты болғандарды жұмысқа орналастыру. Осы тұрғыда Бәйдiбек аудандық пробация қызметi және жұмыспен қамту мен әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi пробация қызметiнiң есебiнде тұрған сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындар жәрмеңкесiн ұйымдастырды.

Iс-шара барысында сотталғандарға бiрнеше жұмыс орындары ұсынылды. Iс-шараның нәтижесiнде, Бәйдiбек аудандык пробация қызметiнiң есебiнде тұрған төрт сотталған қатысып, соның iшiнде бір сотталған азамат бос жұмыс орны бойынша аудандық «жасыл саябақ» мекемесiне бағбан күзетшiге жолдама алды.

Тағы бiр айтатын жайт, мұндай жәрмеңке алдағы уақытта өз жалғасын табады. Кезiнде қателiк жасап, қылмыстық жазасын өтеген соң да өздерiн өзгелерден төмен санамауын icке асырып, өздерi орналасқан мекемеде адал қызмет етiп, өзгелерге үлгi боларлық мама болуына ықпал жасау. Сондай-ақ, пробация қызметiнiң есeбiнде тұрған адамдарға жұмысқа орналастыру арқылы кәмелетке толмаған балаларын бағуға қаражат төленуiн қамтамасыз ету және қылмыстық құқық бұзушылықты алдын алу болып саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру