Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда заңға бағынбаған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды

Түркістанда заңға бағынбаған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған Батыр Түркістан қалалық соты бойынша пробация есебіне алынған болатын. Өздеріне берілген мерзімде құқық бұзушылыққа жол бермей, өзіне жүктелген міндетті орындамаудың салдары қатаң жазаға алып келіп соғатынын әсте ойламаса керек. Пробация қызметі бөлімінде есепте бола тұра, қайта қылмысқа жол бергені үшін және сот үкімімен белгіленген жазаның орындалу тәртіптерін өрескел қаскөйлікпен бұзғаны үшін Түркістан қалалық сотымен ҚР ҚК-нің 44-бабы 3-бөлігі негізінде бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.

– Жаза тағайындау кезінде сот барлық факторларды ескеріп, соның ішінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, адамға жаза тағайындайды. Осы орайда Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған 185 адамға жаза өтеудің міндеттері мен шарттары айқындалған. Пробация қызметкері адамды тіркеуге алған соң оған сот үкімімен берілген жазаны, оның міндеттері мен жазаны өтеу шарттарын түсіндіріп, ол адамнан қолхат, міндеттемелер алады. Десе де, сотталған адамға үкім тағайындау барысында түзеу мекемесіне жолдамай-ақ, қоғамнан оқшауланбай түзелуі мүмкін деген соттың сенімін ақтамай, берілген мүмкіндікті пайдалана алмайтындар да бар. Бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталғандар өздерінің жасаған қателігінен сабақ алып, қайта қылмыс жасамаса екен, – деді Түркістан қалалық пробация қызметінің бастығы Жасұлан Батырханұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру