Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда пробация қызметкерлері қан тапсырды

Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері ерікті түрде мұқтаж жандарға қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда жылына бір келетін донор күнін күтпей қан тапсырып, донор болуға ниетті жандардың қатары көбейіп келеді. Бір тамшы қанмен өзгенің өмірін құтқаруға сеп болатындығын түсінетін жандардың санының артқаны көңіл қуантады.

Көмекке зәру жандарға қол ұшын беру, қатерлі дертке шалдыққан жандарға үміт сыйлау, оларға қолдау көрсету, әр адамның бойында мейірімділік, қамқорлық таныту қасиеттерін қалыптастыру, сонымен қатар емдік мекемелерді қауіпсіз қан және оның компоненттерінің жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері мен “Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен” бірлесіп “Бір тамшы қанның құдіретті” атты арнайы акциясы өткізді.

Ұйымдастырылған игі іс-шараға қалалық пробация қызметінің ұжымы ерікті түрде белсене атсалысты. Қан тапсырған соң қызметкерлерге шәймен тәтті үлестірілді. Қан орталығы қызметкерлерінің мәліметі бойынша, донорлық шараға сегіз қызметкер қатысқан. Жалпы, қорытынды бойынша аталған шара аясында 3 литр 600 гр қан жиналып, қан орталығының қорына өткізілді. Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері алдағы уақытта жылына екі реттен қан өткізуді жоспарлауда.

– Қан донорлығы – адамның қанды ерікті түрде тапсыру шарасы. Мұндай қадамды мақтаныш ретінде қабылдауға болады. Өйткені сіз игі іс қана жасап қоймай, донор болуға жарамды адамдардың қатарына кіресіз. Яғни, қазіргі өмір салтыңыз өзіңізді дені сау адам деп атауға лайық. Ал дені сау адам болу – қашан да үлкен бақыт. Біреуге қан беру арқылы ағзада қан жаңаланып тұрады. Оның үстіне сіздің қаныңыз басқа бір адамның өмірін құтқарып қалады. Мен бүгін қан тапсырдым және де өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Жыл сайын екі рет қан тапсырамын, – деді Түркістан қалалық прообация қызметінің аға инспекторы Мұрат Құрбаналиев

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру