Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полициясы қарттар үйіне барды

Маңғыстау полициясы қарттар үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясының 30 жылдық мерекесі қарсаңында, сондай-ақ “30 игі іс” акциясы аясында Маңғыстаулық полицейлер Ақтау қаласындағы “№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына” барды. Бұл игі істің басты мақсаты – ұрпаққа игілікпен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқан қарияларымызға көмек көрсету.

Кездесу барысында департамент бастығының орынбасары Қандарбек Бахтыгереев алғы сөз сөйлеп, қарттарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Ведомство атынан орталыққа қажеттіліктеріне орай сыйлықтар табыс етілді.

Полиция тарапынан сыймен құрметке ие болған ардагерлер алғыстарын білдіріп, ведомство басшылығына деген ризашылықтарын жеткізді. Асыл қазыналы қарттарымызға қолғабыс етіп, қолдау көрсету мақсатындағы ұйымдастырылатын кездесулер Маңғыстаулық тәртіп сақшылары үшін игі дәстүрге айналған. Олар өздерінің қиын да қауырт қызметтеріне қарамастан, үлкендерге ізет көрсетіп, жиі көңіл бөлуді сыпайылықтың белгісі, адамгершіліктің нышаны деп есептейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру