Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жоғалған тауыс құсын үйіне қайтарды

Шымкенттік полицейлер жоғалған тауыс құсын үйіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңертең 102 арнасына ерекше қоңырау түсті. Нұртас шағын ауданының тұрғыны экзотикалық құс үйінің ауласындағы құс қорасынан белгісіз бағытта ұшып кеткенін хабарлады.

Оқиға орнына шұғыл түрде Қаратау аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары жіберілді. Үй иесі Павел есімді павлинді аналық Павамен бірге ұстағанын айтты. Таңертеңгісін оянғанда Павелдің құс қорабынан жоғалып кеткенін білген. Иесі өз бетінше дереу іздестіруге кіріскен. Дегенмен еш нәтижеге қол жеткізе алмаған соң, полицейлерден көмек сұрады.

Өтініш бойынша тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақты, көрші үйлер мен аулаларды түгел аралап шықты. Әртүрлі куәгерлерден жауап алып, жақын жерде орналасқан бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары адасқан құсты көрші көшені кезіп жүрген жерінен тапты. Оны полиция қызметкері Ержігіт Нұрмағанбетов ұстап үлгерген. Сонымен, бір сағаттың ішінде Павел аман-есен егесіне қайтарылды.

Өз кезегінде Ердәулет Базарбай полиция қызметкерлеріне жедел жұмысы үшін шын жүректен алғысын білдірді. Қазіргі таңда Павел әдеттегідей Паваның жанында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру