Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дропперлік – қылмысқа апарар жол

Соңғы уақытта алаяқтар азаматтарды дропперлікке тарту жағдайлары жиілеп кетті. Олар оңай табыс табуды, қашықтан жұмыс істеуді немесе ақша аударуға көмектесуді ұсынып, банк карталары мен шоттарын қаржылық операциялар жүргізу үшін пайдалануға көндіреді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Дроппер деген кім?

Дроппер – бұл қылмыстық жолмен алынған ақшаны аудару, қолма-қол ақшаға айналдыру немесе оның шығу тегін жасыру мақсатында өзінің банк картасын, банктік шотын немесе электрондық әмиянын пайдалануға беретін адам. Көп жағдайда азаматтар мұндай әрекеттердің салдарын толық түсінбей, алаяқтардың айласына түсіп қалады.

Алаяқтар қалай әрекет етеді?

— тәжірибе мен бастапқы қаражатты қажет етпейтін жоғары табыс ұсынады;

— жаңа банк картасын ашуды немесе қолданыстағы картаңыздың деректерін беруді сұрайды;

— ақша қабылдап, оны басқа шоттарға аударғаныңыз үшін сыйақы уәде етеді;

— мұндай әрекеттердің заңды екеніне сендіруге тырысады.

Есте сақтаңыз:

Өз банк карталарыңыздың деректерін үшінші тұлғаларға беру немесе күмәнді қаржылық операцияларға қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Ақшаның қылмыстық жолмен алынғанын білмегеннің өзінде, мұндай схемаларға қатысу ауыр құқықтық салдарға алып келеді.

Полициясы кеңес береді:

— банк карталарыңызды, шоттарыңызды, логиндеріңізді, құпиясөздеріңізді және SMS-кодтарыңызды бөгде адамдарға бермеңіз;

— ақша аударуға байланысты “оңай табыс” туралы ұсыныстарға келіспеңіз;

— интернеттегі жұмыс берушілер мен бос жұмыс орындарын мұқият тексеріңіз;

— күмән туындаған жағдайда байланысты дереу тоқтатып, күдікті ұсыныстар туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Қырағы болыңыз! Алаяқтардың сізді қылмыстық схемаларға пайдалануына жол бермеңіз. Өзіңізді, қаржыңызды және беделіңізді қорғаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру