Түркістан облысында есірткі сақтаумен қатар, полиция қызметкерлерін қорлаған азамат қамауға алынды
Сауран ауданының полициясы есірткі сақтады және полиция қызметкерлерін қорлады деген күдікпен жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне екі адам арасындағы жанжал туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен учаскелік полиция инспекторлары бірден жіберілді. Оқиға болған жерде тәртіп сақшылары екі жергілікті тұрғынды анықтап, құжаттарын тексерді. Тексеру барысында полицейлер олардың біреуінен есірткіге ұқсас затты тапты.
Алынған зат сараптамаға жіберіліп, қорытындыға сәйкес марихуана болып шықты.
Сонымен қатар 37 жастағы ер адам медициналық мекемеде агрессивті мінез-құлық танытып, учаскелік полиция инспекторларын қорлап, балағаттаған. Қазіргі уақытта билік өкілдерін қорлау және есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы және барлық мән-жай анықталады.