Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде төленбеген 79 әкімшілік айыппұлы бар жүргізуші анықталды

Семейде төленбеген 79 әкімшілік айыппұлы бар жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарда Абай облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру тобының қызметкерлерін бағдарлау бойынша патрульдік полиция батальонының инспекторлары Семей қаласында солтүстік бағытта мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз келе жатқан Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатты.

Құжаттарды тексеру кезінде патрульдік полицейлер осы автокөлік құралының 27 жастағы жүргізушісі әкімшілік айыппұлдарды төлемегенін анықтады. Оның атына жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 1,4 млн теңгеден асатын 79 әкімшілік айыппұл жиналған.

Тәртіп бұзушының көлігі қарызы толық өтелгенше арнайы тұраққа қойылды, жүргізушімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру