Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында есірткі сатумен айналысқан күдікті құрықталды

Түркістан облысында есірткі сатумен айналысқан күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғынның бірі есірткі сатумен айналысады деген хабарлама келіп түсті. Аталған ақпарат бойынша Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден күдіктіні анықтауға қажетті іс-шараларды жүргізді.

Алдын ала жоспар бойынша күдіктіден 17 мың теңгеге есірткі сатып алынды. Есірткіге жүргізілген сараптама қорытындысымен сатып алынған есірткі кептірілген марихуана екені расталды. Жалпы салмағы 60 грамм.

Күдіктіні анықтап, ұстауға бағытталған шараның нәтижесінде, Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Келес АПБ қызметкерлері оның тұрғылықты мекенжайын анықтап, ұстады. Ол бұдан алдын сотты болған орта жастағы ер адам болып шықты.

Аталған жайтты келестік полицейлер ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру