Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы пышақпен қаруланған қалта ұрысын ұстады

Алматы полициясы пышақпен қаруланған қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскөй тек қоғамдық көліктерде ғана жүрген.

– Мәселе 35 жастағы Б.есімді азамат – Қарасай ауданының тұрғыны жайында болып отыр. Ер адам бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Бұл жолы ол №206 бағытындағы қоғамдық көлік жолаушысының ұялы телефонын ұрлап кеткен. Әйел бұл туралы полицияға хабарламағанымен, орын алған қылмыс туралы белгі берген қоғам қайраткерінің жазбасынан білдік. Жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері шетте қалмай, белсенді азаматтық позициясын танытқан жанашыр азаматтарға алғыстарын білдірді.

– Қазір біз қауіп-қатерге қарамастан, қылмыскерді ұстап қалуға тырысқан жас жігіттің жеке басын анықтап жатырмыз. Мұндай әрекет – өте құнды, – деді Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру