Түркістан облысында фермадағы өрт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Түркістан облысында фермадағы өрт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-ға аудандағы ауылдардың бірінің жанында орналасқан фермада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Түлкібас АПБ-нің 10-нан астам полиция қызметкері, өрт сөндірушілер мен прокуратура өкілдері шықты.
Тексеру барысында анықталғандай, 18 қыркүйек таңғы сағат 3:30 шамасында жергілікті тұрғындардың фермасында белгісіз жағдайда өрт шыққан. Салдарынан шөп қоры сақталған екі сарай өртенген. Тілсіз жаудан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Шығын көлемі анықталып жатыр.
Қазіргі уақытта Түлкібас АПБ-мен ҚР ҚК 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сараптама тағайындалды. Бүгінде орын алған оқыс оқиғаны анықтап, қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Олармен өрттің нақты себептерін айқындау бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде.