Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда бейнебақылау камераларының көмегімен ЖҚЕ бұзушы анықталды

Ақтауда бейнебақылау камераларының көмегімен ЖҚЕ өрескел бұзушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнекамералар көлік қозғалысының барысын жедел қадағалап, “ізін суытпай” құқық бұзушылықтардың алдын алуға және анықтауға ықпал етеді. Осылайша, 18 қыркүйек Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен Mercedes-Benz автокөлігі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандығы анықталды.

ЖБО операторларының патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірлескен жұмысы нәтижесінде автокөлік 12 шағын аудан “Мечта” сауда орталығына қарама-қарсы жолда тоқтатылды.

22 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 601-бабының 1-бөлігі, 596-бабының 5-бөлігі, 593-бабының 2-бөлігі және 595-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөлік айыптұраққа жабылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру