Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық тұрғыннан 7 келіден астам бекіре балығы тәркіленді

Маңғыстаулық тұрғыннан 7 келіден астам бекіре балығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында Қарақия ауданына қарасты тас жолда Lada 21214 автокөлігі тоқтатылды. Тоқтатып, тексеру барысында полицейлермен көлік құралының жүк салғышынан 3 бекіре тұқымдас және өзге де қара балық түрлері тәркіленді.

Балықтың жалпы салмағы 7 келі 400 граммды құрайды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру