Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткіні үйінде сақтаған шымкенттік тұрғын 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Есірткіні үйінде сақтаған шымкенттік тұрғын 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында 47 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

Еске салар болсақ, “Алаш” базары аумағында тәртіп сақшыларымен жедел іс-шаралар жүргізу барысында 1 келіге жуық есірткі заттарын сақтаған жергілікті тұрғын құрықталған болатын.
Тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру барысында күдіктінің үйінен қосымша аса ірі көлемдегі тағы бірнеше есірткі заттары тәркіленіп алынған.

Жүргізілген сараптама нәтижесімен күдіктіден алынған есірткі заты кептірілген марихуана екендігі анықталып, салмағы 997 грамды құраған.

Ал оның үйін қарау барысында әр қаптамаға оралып алынған заттар сараптама нәтижесімен 14 келі 822 грамдық кептірілген марихуана, 466 грамдық гашиш, 20 грамм болатын тетрагидроканнабинол және 4 келі 112 грамдық кептірілген марихуана есірткі заттары екендігі анықталды. Тәркіленген есірткі заттары аса ірі көлемдегі есірткі заттары болып есептеледі.

Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Заңға қайшы екенін біле тұра, бұл есірткі заттарды өзінің жеке басына пайдалану үшін алғанын, сақтағанын, тасымалдағанын айтып көрсеткен.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен ол Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру