Түнгі рейд: Талдықорғанда полиция мен прокуратура ойын-сауық орындарын тексерді
Талдықорғанда полиция қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп, қаладағы ойын-сауық орындарында түнгі рейд өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейд барысында 18 мекеме тексеріліп, заң талаптарының сақталуына және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Нәтижесінде белгіленбеген орындарда кальян өнімдерін тұтынған 7 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері осындай 161 деректі анықтап, заң аясында шара қабылдады.
Профилактикалық рейдтер алдағы уақытта да жалғасады. Полиция белгіленген талаптарды сақтау — әр азаматтың міндеті екенін еске салады.
