Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаш полицейлері заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады

Балқаш полицейлері заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қазан күні Балқаш қалалық полиция бөлімі табиғатты қорғау бөлімшесінің қызметкерлері қалалық балық инспекциясы мамандарымен бірлесіп көлде рейдтік іс-шаралар өткізді. Сағат 19.00 шамасында рейд жүргізушілер Тасарал ауылы тұсындағы кәсіптік аумағындағы суда жүрген маторлы қайыққа назар аударды. Кешенді іс-шаралар барысында аталған қайықты басқарған 38 жастағы Сарышаған ауылының тұрғыны ұсталды.

Полиция қызметкерлерімен қайықтан жаңа ауланған 17 келі көксерке, 10 келі торта және 8,5 келі табан балығы, сондай-ақ 100 метр ау тәркіленді. Жануарлар әлеміне келтірілген шығын 314 мың теңгені құрады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабына (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру