Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 40 шетелдік елден шығарылды

Түркістан облысында 40 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері “Заңсыз келуші” жедел-профилкатикалық іс-шарасының 7 тәулігінде “Халықтың көші-қоны туралы” ҚР Заңының талаптарын бұзған 602 шетелдік пен Қазақстан Республикасының азаматтарын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде облыс аумағында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша барлығы 408 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сот шешімімен 40 шетелдік елден шығарылды, ал 39 құқық бұзушы жеке басын анықтау үшін қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды.

Сондай-ақ шетелдіктерге тұрғын үйді заңсыз берген Қазақстан Республикасының 157 азаматы мен шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 28 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысатын 7 шетелдік анықталды.

Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 3 фактісі расталып, қылмыстық іс қозғалды. Түркістан облысының полицейлері “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өз жалғасын табатынын жеткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру