Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қоймашы минералды суды ұрлап, 5,6 млн теңге шығын келтірді

ШҚО-да қоймашы минералды суды ұрлап, 5,6 млн теңге шығын келтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің “102” жедел арнасына қаладағы ЖШС бірінің өкілінен өтініш келіп түскен. Ер адам тауарларға түгендеу жүргізу кезінде олар 34 945 бөтелке минералды судың жетіспейтінін анықтаған, оған 40 жастағы қоймашы жауапты болған. Күдіктінің іс-әрекетінен келтірілген залал шамамен 5,6 млн теңге сомасына бағаланған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді жинауға және тексеруге бағытталған барлық қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы – келу міндеттемесі таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру