Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда көлік басқару құқығы жоқ азамат масаң күйде рөлге отырған

Маңғыстауда көлік басқару құқығы жоқ азамат масаң күйде рөлге отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қыркүйек күні сағат 04:10 шамасында Бейнеу аудандық Патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен Lada автокөлігі тоқтатылды. Тоқтатып, тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқарғаны анықталды. Жол қозғалысы ережелеріне бағынбаған 32 жастағы азамат бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бейнеу аудандық сотының қаулысымен жүргізушінің ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Көлік басқару құқығы жоқ бола тұра, жүргізуші азамат автокөлік құралын ішкілікті күйде басқарған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі негізінде жария етілмейді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру