Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция “Plus capital” қаржы пирамидасынан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр

Полиция “Plus capital” қаржы пирамидасынан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты ІІМ-нің апталық брифингіне сілтеме жасап.

ІІМ Тергеу департаменті “PlusCapital” ЖШС қызметкерлеріне және басқа адамдарға қатысты қаржы пирамидасы мен алаяқтықты ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Маңғыстау облысында “Plus capital” қаржы пирамидасын ұйымдастырған қылмыстық топ азаматтардың ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүлкін заңсыз иемденді.

Келтірілген залал сомасы 3,6 млрд теңгені құрады. 600-ден астам қазақстандық жәбірленуші деп танылды.

Бұл іске қатысты облыс тұрғыны мен нотариус ұсталды. Сот үкімімен олар 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы халықаралық іздеу  жарияланды. Полиция оның орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді.

ІІМ Тергеу департаменті қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартады.

Осыған байланысты “Plus capital” қаржы пирамидасының заңсыз қызметінен зардап шеккен азаматтарға бұл туралы Маңғыстау облысындағы ІІМ жедел-тергеу тобының орналасқан жері бойынша хабарлаймыз: Ақтау қаласы, 3 б шағын ауданы, 13 ғимарат, полиция департаментінің тергеу басқармасы.

Байланыс телефондары: 8-7292-47-42-92, 47-42- 82, 8-705-709-62-35, 8-775-210-99-97.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру