Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында кезекті той жасаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысында кезекті той жасаған тұрғындар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында көрсетілген карантин талаптарын бұзған Ордабасы ауданының тұрғыны анықталды. Ордабасылық полицейлердің тұрақты түрде жүргізіп жатқан рейдтік жұмыстарының барысында күндізгі сағат 14:30 шамасында мейрамханалардың бірінде құдалық тойын жасап жатқан тұрғынды анықтады.

Аталмыш тойға 70-тен астам туыстары жиналған. Осы жайтқа байланысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша іс-құжаттарды жинақтап, тиісті мекемеге жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру