Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық тұрғын бақшасында қарасора еккен

Павлодарлық тұрғын бақшасында қарасора еккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Павлодар қаласындағы жедел қызметкерлері саяжай учаскесіндегі бау-бақшалардың бірінен павлодарлықтан есірткі өсімдігін тәркіледі.

– Павлодарда іс-шара барысында бау-бақшалардың бірінен 53 жастағы павлодарлықтан 27 түп сора тәркіледі. Тәркіленген зат сараптама қорытындысы бойынша салмағы 5 келі “марихуана” есірткі құралы болып табылды,- деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.

Полиция қызметкері ер адам бұрын бопсалау үшін сотталғанын атап өтті. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру