Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 9 шетелдік анықталды

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 9 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шараға көші-қон қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, криминалдық және патрульдік полиция жұмылдырылды.

Жүйелі жұмыс нәтижесінде Ордабасы ауданында 9 құқық бұзушы анықталды. Оның ішінде шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ үш азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылды.

Бұдан бөлек, іс-шара кезінде полицейлер шетелдік азаматтармен және жұмыс берушілермен көші-қон саласындағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру