Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған тұрғын анықталды

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті тексеру кезінде Бәйдібек АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы Заманбек Жәнібекұлы өзіне бекітілген аумақта, яғни Шалдар ауылы көшесінің бойында бағытынан ауытқып келе жатқан, жүрісі күмәнді көлікті тоқтатады. Аталмыш ВАЗ-24014 автокөлігін тексеру кезінде жүргізушінің іс-әрекетінен мас халде екеніне күдік туындап, оны анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу жұмыстары жүргізілді. Сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізушінің “орта дәрежелі” мас екені анықталды.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы “Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру” бойынша тіркеді.

Қазіргі таңда учаскелік полиция қызметкері аталған жайтқа байланысты іс-құжаттарды жинақтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру