Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші куәлігінен айырылды

Түркістан облысында мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол ережесін бұзудың алдын алуға, оның ішінде мас жүргізушілерді анықтауға және жауапқа тартуға бағытталған жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді. Осындай кезекті жұмыс күнінде тәртіп сақшылары көлік құралын мас күйінде басқарған екі жүргізушіні анықтады, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп бұзушылардың бірін полицейлер Қазығұрт ауданындағы аудан орталығы көшесінде тоқтатты. Audi автокөлігін басқарған жергілікті тұрғынның мас екені расталды. Полицейлер жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша материалдар жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді.

Жол ережесін бұзған екінші жүргізушіні Мақтаарал ауданының полицейлері анықтады. Тәртіп сақшылары түнгі уақытта Мырзакент – Жетісай тас жолында ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің іс-әрекетінен мас болу белгілеріне күдіктенді. Полиция жүргізушіні медициналық куәландыруға апарып, оның мас күйінде екенін растады. Заң бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі және мас күйінде көлік жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырды.

Нәтижесінде сот қаулысымен екі жүргізуші де кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру