Түркістан облысында мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Түркістан облысында мас жүргізуші жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сауран АПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері рейд кезінде Ескі икан кентінің көшесінде жол қозғалысы ережелерін бұзған ресей нөмірлі ВАЗ көлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер жүргізушіден мас болу белгілері бар екенін байқады. Содан жүргізуші медициналық куәландыруға жеткізілді, яғни көлік құралын басқарған азаматтың мас халде болғаны расталды.
Полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйіндегі жүргізушінің көлік құралын басқару, сол сияқты көлік құралын басқаруды алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйіндегі адамға беру) хаттама толтырды.
Жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Сот құқық бұзушыны ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес, жеті жыл мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу тағайындалды.