Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық орындарда мас күйде жүрген ер адам жауапқа тартылды

Павлодар облысында ерекше талаптарды бұзған ер адам жеті тәулікке қамауға алынды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері тұрақты негізде спирттік ішімдіктерді ішуге, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болуына байланысты бұзушылықтардың жолын кесу бойынша іс-шаралар өткізеді. Егер мұндай құқық бұзушылық фактісі болса, онда іс қарау үшін сотқа жіберіледі. Сондай-ақ, сот шешімі бойынша бұзушыға ерекше талаптар белгіленеді. Алайда, егер азамат заңды талаптарды орындамаса, онда оған қатысты ӘҚБтК-нің 669-бабы қолданылады.

Мысалы, Шарбақты ауданның полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшенің бастығы Сұңқар Мейрмановтың айтуынша, осы жылдың тамыз айының соңында полиция қызметкерлері қоғамдық орында мас күйінде болған ер адамды анықтаған.
Ауыл тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Шарбақты аудандық соты оған қатысты, 3 ай мерзімге мінез-құлыққа ерекше талаптар белгілеген болатын.

Алайда бұл адам көп ұзамай, қоғамдық орындарда қайтадан мас күйінде көрінуімен сот актісінің шешімін бұзды.

Осыған байланысты, құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс сотқа жіберіліп, сот шешімі бойынша бұзушыға 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Полицияда ерекше талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу және бес АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не жеті тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру