Түркістан облысында мас жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды
Түркістан облысында мас жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төлеби АПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. Осындай кезекті шара барысында полиция қызметкерлері аудан көшелерінің бірінде келе жатқан автокөлікті тоқтатты.
Оны тексеру барысында жүргізушінің сөздері анық болмай, тәртіп сақшыларына күдік тудырды. Осы жайтты нақтылау үшін көлік жүргізушісіне медициналық сараптама тағайындалып, куәландырудың қорытындысында автокөлік жүргізушісінің спирттік ішімдік ішкені белгілі болды.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеді. Осылайша жүргізушінің көлігі автотұраққа қойылды.
Қазіргі таңда орын алған оқиғаға қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Төлеби аудандық сотының шешімімен күдікті азамат ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру үкімі шықты.