Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жазасын өтеуші сотталғандарға ораза ұстау тәртібі түсіндірілді

Ақтөбеде жазасын өтеуші сотталғандарға ораза ұстау тәртібі түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Сүлеймен-ата мешітінің бас имамы М. Косжановпен бірге департаментке бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ораза ұстау тәртібін түсіндірді.

ҚАЖ департаменті және мекеме қызметкерлері іс-шара кезінде, сондай-ақ ораза ұстаушы адамның мекеменің күн тәртібіне сәйкес барлық іс-шараларға қатысу қажет екендіктерін және ішкі тәртіптің бұзылуына жол бермеулері жөнінде сотталғандарға кеңінен түсіндірді.

Айта кету керек, бұған дейін КА-168/1 тергеу изоляторындағы теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторы өңірдегі Дін істері басқармасы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп, мекеменің шаруашылық жасағында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға ораза ұстау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру