Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері жаңа үлгідегі формада қызметке кірісті

ШҚО полицейлері жаңа үлгідегі формада қызметке кірісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 наурызда Өскеменде жаңа үлгідегі нысанды киімдегі полиция қызметкерлерінің саптық байқауы өткізілді. ШҚО Полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбеков полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруға дайындығын, сондай-ақ қызметтік автокөліктің техникалық жағдайын тексерді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елді дамуының жаңа кезеңіне шығаруға қабілетті бірқатар реформаларды атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында “Полицияның сервистік моделі” іске асырылуда. Бұдан басқа, “Полиция қадамдық қолжетімділікте” қағидатын іске асыру мақсатында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Өзгерістерге жасалған қадамдардың бірі – қызметкерлердің жаңа киім нысанына ауысуы болды. Полицейлер үшін жаңа нысанды әзірлеу – ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы тармақтарының бірі. Жаңа дизайн бойынша тігілген нысанды киім учаскелік инспекторлары мен патрульдік полицейлердің қызмет өткеру ерекшеліктері мен жағдайларын ескере отырып жасалған. Құқық қорғау органының қызметкерлері өз қызметін жарық шағылыстырғыш элементтерімен матадан тігілген ерекшелік белгілері бар көк нысанды киімде атқарады. Сонымен қоса нысанды киімде жазулар латын әріптерімен басылғанын көре аламыз. Жаңа киім полиция қызметкерлері күнделікті кездесетін қауіпті жағдайларда әрекет ету үшін арнайы жасалған, – деді ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбеков.

Байқау барысында ШҚО полициясының басшысы нысанды киім үлгілерін, әрбір полиция қызметкерінде жетондар, төсбелгілер мен қызметтік куәліктердің болуын және қызметтік автокөліктерді, ондағы қажетті құрал жабдықтардың талапқа сай келуін мұқият тексерді. Себебі, құқықтық тәртіп сақшылары кез келген уақытта халықпен тығыз қарым-қатынаста болып, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етуі, сондай-ақ мінсіз қызмет атқаруы қажет.

Соңында полиция қызметкерлері салтанатты шерумен өтіп, қызмет өткеру орындарына аттанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру