Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында өзгенің сиырын сатып жіберген бақташының бас бостандығы шектелді

Түркістан облысында өзгенің сиырын сатып жіберген бақташының бас бостандығы шектелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адам өз арызында жақын танысының жеке мүлкін иемденіп алғанын көрсеткен. Яғни, жәбірленуші жайылымда мал бағатын танысына бір бас сиырын сеніп тапсырған. Алайда бақташы азамат өзіне сеніп тапсырылған өзгенің малын сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі – 200 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеуге алды.

Полиция қызметкерлері орын алған қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру шарасын ұйымдастырды. Осы қылмыстық іс бойынша жергілікті тұрғын анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Анықталғандай, күдікті ер адам жәбірленушінің жасырын ғашығы болып шықты. Оған жәбірленуші сиырын сеніп тапсырған. Алайда күдікті сеніп тапсырылған мүлікті сатып, бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Күдіктіге қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды.

Нәтижесінде, Келес аудандық сотының үкімімен ұсталған ер азамат ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша кінәлі деп танылып, оған бір жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру