Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ПД бастығы учаскелік полицейлермен жедел кеңес өткізді

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов учаскелік полиция мен ювеналдық полиция инспекторларының жұмыс тиімділігін арттыру мәселесін қарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиналысқа департамент аппаратының басқарма және бөлім бастықтары, Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран аудандық полиция құрылымдарының басшылығы мен учаскелік және ювеналдық полиция инспекторлары қатысты. Ал қалған аудандық полиция құрылым қызметкерлері бейнеселекторлық режимде қосылды. Облыстың бас полицейі жеке құрамға “Заң және тәртіп” қағидасын орнатуда халыққа жақын болып, мәселесін тыңдау қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ әкімшілік аймақтарда құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырды. Тұрғын үйлер, жалға берілетін пәтерлер, жатақханалар, шаруа қожалықтарын 100 пайыз тексеруді міндеттеді. Оған қоса қаруды сақтау, алып жүру, уақытылы тіркеу жөніндегі заңнама талаптарының сақталуы бойынша әрбір қару иесін бақылауға алуды тапсырды. Пробация қызметтерімен бірлесіп, сотталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша тексеру жұмыстарына күшейтуді жеткізді.

2024 жылды – Профилактика жылы деп жариялағандықтан, профилактикалық жұмысты ұйымдастыруға “ақсақалдар” институттарын, қоғамдық пікір көшбасшыларын, еріктілерді, қоғамдық құрылымдардың өкілдерін тарту керектігін алға тартты. Жиналыс барысында есептік баяндамалар тыңдалып, анықталған кемшіліктер бойынша сын-ескертпелер берілді.

Жалпы Түркістан облысында жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде 800-ге тарта учаскелік инспектор мен 150-ден астам ювеналдық полиция инспекторы қызмет атқаруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру