Түркістан облысында полицейлер көлікті заңсыз айдап кеткен тұрғынды ұстады
Түркістан облысында полицейлер көлікті заңсыз айдап кеткен тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде көлік ұрлығына қатысы бар 35 жастағы тұрғынды ұстады.
Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары күдіктіні Opel Vectra көлігін Шымкент – Түркістан тасжолы бойынан айдап бара жатқан жерінен ұстады. Оқиға болған күні ол кешкі уақытта көшеде кілттенбеген көлікті байқап, діттеген жеріне жету үшін айдап кеткен. Сондай-ақ полицейлер оның тағы бір автокөлікті айдап кету қылмысына қатысы барын анықтады.
Бүгінде ұрланған көлік тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды. Күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.