Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері қарттарға қазақтың қара домбырасын сыйға тартты

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері қарттарға қазақтың қара домбырасын сыйға тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері Семей қаласы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушы қарттарға қазақтың киелі қара домбырасын тарту етті. Атаулы орталықта Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен басқа, фашисттік Германия концлагерьлерінде тұтқында болғандар, блокададағы Ленинград тұрғындары, Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлері, саяси қуғын-сүргін құрбандары, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыларымен қатар, өзін-өзі күтуге қабілетсіз жалғызбасты зейнеткерлер мен 1-2 топтағы мүгедектері, еңбек ардагерлері қызмет алады.

ҚАЖ қызметкерлері бұл орталықтағы музыкалық аспаптарының жетіспеуі туралы теледидардан Семей жаңалықтарынан естіген болатын. Сыйлықты табыстау күні орталықтағы қызмет алушылармен ұйымдастырылған “Азаматтар сайысына” тұспа тұс келген.

– Мен заманның ағымына байланысты әр түрлі қызметтерде жұмыс жасадым. Қазір 3 айдай осы орталықта қызмет алудамын. Домбыраға қызығушылығым осы жерде басталды. Бір ай уақыт ішінде халық күйі кеңесті үйреніп алдым. Бұл жерде домбыра жетіспеушілігі бар, – дейді 75 жастағы қызмет алушы Гизатулла қарт.

– “Қарты бар елдің қазынасы бар” деген аталы сөз рас. Біздің асыл қазынамыз – қарттарымызды қадірлеп, сый әкеліп жатқан жастарымызға алғысымыз шексіз, – деп сөзін аяқтады орталық бастығының орынбасары Жанна Нургалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру