Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер жастарды нашақорлықтан аулақ болуға шақырды

Түркістан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу тақырыбында «Жайлы мектеп» жалпы білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-10 сынып оқушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марат Бимаханов, учаскелік инспектор А.Қаражігітова, мектеп директоры М.Бохаева, ұстаздар қауымы мен 150-ден астам оқушы қатысты.

Негізгі мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың есірткі тұтынуға теріс көзқарасын қалыптастыру, спортқа баулу және жаман әдеттерден бас тартуға дағдыландыру.

Кездесу барысында шақырылған қонақтар жасөспірімдерге синтетикалық және өзге де есірткілердің, психотроптық заттардың зияны туралы, олардың өмірі мен денсаулыққа кері әсері, есірткіні сақтауға және өткізуге байланысты қылмыстардың салдары туралы жеткізді. Сонымен қатар оқушылар нашақорлық пен есірткіні қолдану мәселесі, есірткі заттарының заңсыз айналымын болдырмау бойынша атқарған жұмыстары туралы бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу соңында оқушылар талқылаған тақырып бойынша қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру