Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция ағайынды жігіттерден 65 келіден астам марихуана тәркіледі

Түркістан облысында полиция ағайынды жігіттерден 65 келіден астам марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз тасымалдаған күдікті 2 жігітті ұстады.

Полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент – Жетісай тасжолында Toyota автокөлігін тоқтатты. Көліктегі екі жігіттің Жамбыл облысының ағайынды тұрғындары екені анықталды.

Автокөліктің жүксалғышын тексеру кезінде жедел уәкілдер жалпы салмағы 65 келіден астам ішінде марихуана есірткісі бар 4 қап тауып алды.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Аталған жайт «Тосқауыл» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру