Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция Моңғолия азаматына жедел виза жасауға көмектесті

Павлодар облысында полиция Моңғолия азаматына жедел виза жасауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының Шортанды кентінде тұратын Моңғолия азаматы Сағый Гүлмайра полицияға жүгінді. Әйел 15 ақпанда Моңғолия аумағында құжаттарды шұғыл рәсімдеу үшін Ресей Федерациясымен шекараға қарай көлікпен шыққанын түсіндірді.

– Шекаралық бақылаудан өту кезінде балаларыма виза ресімделмегені анықталды. Осыған байланысты бізді шекарадан өткізбеді. Біз Павлодарда түнеп, таңертең көші-қон қызметіне жүгінуге тура келді. Өтініш бойынша жедел түрде полиция капитаны Азамат Елеутаев қажетті визаны ресімдеп берді. Содан кейін мен балалармен бірге жолымды жалғастырдым. Мен полиция қызметкеріне кәсібилігі және балаларыма жедел виза беруге көмектескені үшін алғыс айтамын. Уақытылы және сауатты көмек біз үшін баға жетпес. Күрделі, бірақ қажетті қызметте мықты денсаулық және үлкен табыс тілеймін, – деп хатта жазылған екен.

– Сапар бағытын жоспарламас бұрын, балалармен шетелге шығу ережелерін зерделеп, сапар алдында жиналуы қажет құжаттар тізімімен танысқан жөн. Бүгінде анасының заңнаманы білмеуі қолайсыздықтар мен ұзақ жолға кешігуге себеп болды. Ал адамдардан баға алу – ең жақсы ынталандыру. Күн сайын біздің қызметке жүздеген азаматтар жүгінеді. Олардың әрқайсысының артында адам тағдыры жатыр, егер біз өз үлесімізді қосып, адамдарға көмектессек, онда бұл біз үшін алдымызға қойылған міндеттерді шешуге үлкен ынталандыру, – деп атап өтті тәртіп сақшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру