Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция бірнеше алаяқтық жасаған азаматты анықтады

Сайрам ауданында полиция алаяқтық жасаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, жұмыссыз күдікті ер адам танысына «жүргізуші куәлігін алып беремін» деп жалған уәде берген. Жәбірленушіден алдын ала 200 мың теңге ақшасын алып, алдап келген. Ал ақшаны жеке басының пайдасына жаратқан.

Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да дәл осындай алаяқтықтың екі фактісіне қатысы бар екені анықтады. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгеден асады.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру