Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция пәтер ұрысын қолға түсірді

Түркіскан облысында полиция пәтер ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Сауран аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық қылмысына қатысы бар күдікті ер адамды қолға түсірді.

Белгілі болғандай, көршілерінің үйде жоқтығын білген ер адам түнгі уақытта терезені күшпен ашып, ішке кірген. Ары қарай үйден құны 190 мың теңге тұратын теледидар мен 700 мың теңгеге жуық ақшасын алып кеткен. Содан ұрланған затты сатып
жіберген.

Жәбірленушіге 900 мың теңге көлемінде шығын келтірілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оның осыған ұқсас
басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру