Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция қызметкерлері дәрігерлермен кездесті

Түркістан облысында полиция қызметкерлері дәрігерлермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасына қатысты қылмыстарға жол бермеу мақсатында ауқымды шаралар ұйымдастырып жатыр.

Мәселен, полиция мен ерікті жастар бірлесіп, Түркістан қалалық перинаталдық орталығы мен Түркістан қалалық аурухана қызметкерлерімен кездесті. Дәрігерлер қауымымен ұйымдастырылған дөңгелек үстелде адам саудасына жататын қылмыстарға жол бермеу, тосқауыл қою мәселесі көтерілді. Заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Арнайы тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, адамның бостандығы мен оның өмірі ең басты құндылық екені дәріптелді.

Қоғамның алдыңғы шебінде жүретін сала мамандары бірлесіп жұмыс жасауға, заңсыз әрекеттер мен күмән келтіретін жағдайларда бірден сенім телефонына хабарлауға уағдаласты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру