Түркістан облысында пробация есебіндегі сотталғандар жұмыспен қамтылды
Шымкент қаласы және Түркістан облысына қарасты ҚАЖД бойынша Сауран аудандық пробация қызметінің бастығы Қайсарбек Қазыбекұлы аудан әкімінің орынбасары Ербол Ұласбекұлының басқарумен өткізген жиында баяндама жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған шарада қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі мәселер назардан тыс қалмады. Яғни, аудан көлемінде пробация есебінде қанша адам есепте тұр, олардың бүгінгі әлеуметтік, психологиялық жағдайы және оларға пробация тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер туралы да сөз қозғалды.
– Есепте тұратын сотталған азаматтардың ішінде әлеуметтік-құқықтық көмек алуға мұқтаж сотталған тұлғалардың ұсыныстары тыңдалып, мамандардың қатысуымен өтініштері қабалданып, көмек көрсету іс-шараларын бастап кетті. Құрылған консультативтік-кеңесші органның негізігі мақсаты – есепте тұратын сотталған азаматтарға әлеуметтік-құықтық көмек көрсету. Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға өзге де көмектер көрсетілуде, – деді Қ.Қазыбекұлы
Сауран аудандық пробация қызметі бөлімшесінде 3 қызметкер қызмет атқарады. Сауран ауданына қарасты 35 елді мекен 12 ауыл округке беріктірілген жүз мыңнан асатын адам тұрады. Жалпы, статистика бойынша өткен жылы пробациялық есепте 107 адам тұрған болатын. ал қазіргі таңда бақылауға алынған сотталғандардың саны 61-ге қысқарған. Сонымен қатар 14 сотталған жұмысқа орналасты.
Ал наурыз айынынң соңына дейін тағы да 6 сотталған жұмыспен қамтылады. Осы тіркеуде тұрған азаматтардың бүгінгі жағдайлары жиында назарға алынды. Жазасын өтеп, қатесін түсінген азаматтарға қоғамда қай уақытта да қолдау бар. Шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға барынша қолдау көрсету, көмек беру кеңінен сөз болды.
Жеке кәсібін ашамын дегендерге мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант беру, еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа орналастыру, отбасылық жағдайларына қарай әлеуметтік көмек тағайындау сияқты мәселелер көтеріліп, ұсыныс пікірлер ортаға салынды. Жиында көтерілген мәселер бойынша пробация қызметті жүйелі түрде жұмыс жасауда. Сотталған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу барысында атқарылатын жұмыстар да жиын барысында талқыланды.