Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында пробация қызметінің есебіндегі сотталғанға іздеу жарияланды

Түркістан облысында пробация қызметінің есебіндегі сотталғанға іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға орай инспекторлар күшейтілген қызмет түріне көшті.

Осындай іздеу нәтижесінде Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған бір сотталған азаматқа іздеу жариялады. Ол пробация қызметкерлері ескерткен ескертулерге құлақ аспай, жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шараларға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Түркістан қалалық пробация қызметкерлерінің ұсынысымен жазасын өтеуден қасқөйлікпен жалтарып жүрген сотталған Надир Закиржановқа қатысты халықаралық іздес жарияланып, жаза өтеу мерзімі тоқтатылып, күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Сотталғандарға пробациялық есепке алынған күні оларға сот тарапынан жүктелген міндеттер толығымен түсіндіріледі. Соған қарамастан заңды қаскөйлікпен бұзатындар кездеседі. Надир Закиржанов Түркістан облысында туылған, ұлты – өзбек, ҚР-ның азаматы, ажырасқан, бұрын сотты болмаған.

Ол өткен жылы 7 қыркүйекте Түркістан облысы Түркістан қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Жаза өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылған. Аталған сот үкімі өткен жылы 27 қазанда күшіне енген болатын.

– Сотталған Н.Закиржановқа сот процесі барысында жаза өтеу талаптарымен шарттары, Сот жүктеген міндеттер және аталған Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін он тәулік ішінде тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі бөліміне есепке қою үшін бару міндеттері толығымен түсіндірілген. Алайда ол Сот үкімі күшіне енбей тұрып, былтыр 15 қыркүйек сағат 18:24-те PGT-225 AK “PEGASUS” Шымкент – Стамбул рейсімен Шымкент қаласының аэропортынан Түркия мемлекетіне ұшып кеткендігі анықталған. Қайта Қазақстан Республикасының шекарасынан өтпеген. Қазіргі таңда Түркістан облысы полиция департаменті жедел-іздестіру басқармасының қызметкерлерімен аталған сотталғанға қатысты халықаралық іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жоғарыда аты аталған сотталғанға қатысты бір мәлімет білсеңіздер немесе осы азаматтарды көрген болсаңыздар бірден өздеріңіздің жергілікті қызметкерлерге толық хабарлама беріп, қандайда бір мәлімет болған жағдайда дер кезінде 102 арқылы хабар беруді немесе Келес аудандық ПБ немесе Түркістан қалалық пробация қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз, – деді Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Абдуали Мұхамбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру